jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Зор қызығушылықпен тамашаладым": Тоқаев бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл туралы президент Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

    "Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! 

    Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы! – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Еске сала кетсек, кеше, 13 мамырда қазақстандық спортшы Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов күміс медаль еншіледі.

    Ал бүгін Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай ел қоржынына алтын медаль салды.

    Ташкенттегі байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан ертерек шығып қалды.

    Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

    "Зор қызығушылықпен тамашаладым": Тоқаев бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.