jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Отандық спортшы триатлоннан Африка кубогында екінші орын алды (фот)

    триатлон
    Триатлон. Фото: pixabay.com

    Мысырдың Шарм-эль-Шейх қаласында аяқталған триатлоннан Африка Кубогы кезеңінде отандық спортшы Екатерина Шабалина 2-орын алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Париж Олимпиадасына ұпай берілетін рейтингтік жарысқа əр елдің таңдаулы спортшылары қатысқан.

    Екінші орынның арқасында Екатерина əлем рейтингінде 46-сатыға көтерілді.

    Айта кетейік, бірінші орынды Камбоджа өкілі Марго Гарабедиан иеленсе, үздік үштікті словакиялық спортшы қанағат тұтты.

    Байрақты бәсекеге 30 мемлекеттен 70-ке жуық триатлоншы бақ сынады.

    Мысырдағы кезеңде бақ сынаған тағы бір отандық спортшы Аян Бейсенбаев 6-орынға тұрақтады.

    Ақмола облысының тумасы қазір əлем рейтингінде 74-болып келе жатыр.

    Ал Темірлан Теміров 17-ші, Мейірлан Ысқақов 18-ші, Максим Шмулич 28-ші сатыдан көрінді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.