Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төрт жыл сайын өтетін бокстан жазғы спартакиада: Назым Қызайбай чемпион болды

Опубликовано:

Назым Қызайбай
Назым Қызайбай шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Петропавл қаласында өткен əйелдер арасындағы бокстан VI жазғы Қазақстан спартакиадасының барлық жеңімпазы анықталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Төрт жылда бір өтетін жарысқа еліміздің 19 өңірінен келген 90-нан астам спортшы сынға түсті. Бұл қатарда Үндістандағы əлем чемпионатының жүлдегерлері мен Ұлттық құраманың өзге де көшбасшылары бар.

Жеңімпаздар тізімі:

48 кг: Алуа Балқыбекова (Алматы қаласы),

50 келі: Назым Қызайбай (Алматы қаласы),

52 келі: Жазира Орақбаева (Алматы қаласы),

54 келі: Жайна Шекербекова (Шымкент қаласы),

57 келі: Карина Ибрагимова (Ақмола облысы),

60 келі: Римма Волосенко (Астана қаласы),

63,5 келі: Аида Əбікеева (Астана қаласы),

66 келі: Наталья Богданова (Петропавл қаласы),

70 келі: Мадина Нұршаева (Шымкент қаласы),

75 келі: Валентина Хальзова (Астана қаласы),

81 келі: Гүлсая Ержан (Қызылорда облысы),

+81 келі: Лəззат Күнгейбаева (Астана қаласы).

Жалпыкомандалық есепте Астана қаласының командасы 4 алтын, 1 қола медальмен 1-орын алды.

Ал 2-орынға 8 жүлдеге (3 алтын, 2 күміс, 3 қола) ие болған Алматы қаласы жайғасты.

Үздік үштікті Шымкент қаласының боксшылары түйіндеді (2 алтын, 4 күміс).

Айта кетейік, спартакиаданың үздік боксшысы Карина Ибрагимова (57 кг) атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2021510-tort-zyl-saiyn-otetin-bokstan-zazgy-spartakiada-nazym-qyzaibai-cempion-boldy/