jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында финалға шықты

    регби
    Көрнекі фото: pexels.com

    Регби 15-тен Қазақстан әйелдер құрамасы Алматы қаласында өтіп жатқан XII Азия чемпионатында Гонконгты 27-23 есебімен ұтып, финалға жолдама алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

    Жылдың үздігі 28 мамырда Қазақстан мен Жапония арасындағы матчта анықталады. Анна Яковлева баптайтын отандық регбишілер қазір әлем рейтингінде 19 орында келе жатыр. Жоғарғы дивизиондағы бәсекеге Қытай құрамасы соңғы сәтте қатыса алмайтынын хабарлаған.

    Жалпы әйелдер арасындағы регбиден сары құрлық бәсекесі 2006 жылдан бері өтіп келеді. Алғашқы чемпионатты Қытайдың Куньмин қаласы қабылдап, алаң иелері бас жүлдеге ие болған. Содан бері Қазақстан 5 мәрте топ жарса, Жапония 4, Қытай мен Гонконг бір рет алтыннан алқа таққан.

    Жылдың аяғында 1 дивизиондағы (жоғарғы дивизионнан кейінгі) Азия чемпионаты Үндістанда болады. Онда алаң қожайындары Филиппин және Сингапурдан келген спортшылармен сынға түседі.

    Айта кетейік, олимпиада бағдарламасына кірмейтін регибдің бұл түрінде (15 адам ойнайтын) әр командада 26 спортшыдан болады. Әр тайм (2) 40 минутқа созылады.

    Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.