Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия біріншілігінің финалы: Қазақстан мен Жапония арасындағы матч 0:72 есебімен аяқталды

Опубликовано:

регби
Көрнекі фото: pexels.com

Регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Регби 15-тен Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Жапонияға есе жіберіп, Алматы қаласында өткен XII Азия чемпионатында күміс жүлдені қанағат тұтты. Есеп: 0:72

Анна Яковлева баптайтын отандық регбишілер байрақты бәсекенің алғашқы кездесуінде Гонконгты 27-23 есебімен жеңген.

"Жалпы әйелдер арасындағы регбиден сары құрлық бәсекесі 2006 жылдан бері өтіп келеді. Алғашқы чемпионатты Қытайдың Куньмин қаласы қабылдап, алаң иелері бас жүлдеге ие болған. Қазіргі кезде Қазақстан мен Жапония чемпиондық жағынан теңесті. Екі елде 5 бас жүлдеден. Ал Қытай мен Гонконг бір рет алтын алған", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, олимпиада бағдарламасына кірмейтін регибдің бұл түрінде (15 адам ойнайтын) әр командада 26 спортшыдан болады. Әр тайм (2) 40 минутқа созылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2022392-aziya-birinsiliginin-finaly-qazaqstan-men-zaponiya-arasyndagy-matc-072-esebimen-ayaqtaldy/

pixel