jitsu gif
Спорт

    "Қате өзімнен кетті": Бакудегі әлем чемпионатында қазақ баласы жеңіліп қалды

    Мария Севостьянова даянгте
    Мария Севостьянова. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бүгін Әзірбайжан астанасы Бакуде таеквондодан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Биылғы бәсекеге 145 елден 950-ден астам таңдаулы спортшы жиналды. Олар алғашқы жарыс күні Олимпиада бағдарламасына кіретін екі салмақта сынға түсіп жатыр. Ұлттық құрама спортшылары – Эльдар Бірімбай (68 кг) мен Мария Севостьянова (57 кг) жарысты 2-айналымда аяқтады.

    Мария 1-айналымда чехиялық Хана Флегрованы сенімді ұтқан. Осыдан кейін тартысты жекпе-жекте тәжірибелі бразилиялық Мария Клара Лимаға жол берді. 17 жастағы отандасымыз Ұлттық құрама сапына биыл қосылды. Былтыр жастар арасындағы Азия және Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Биыл рейтингтік турнир – Словения ашық чемпионатында топ жарған. Бұл оның ересектер арасындағы алғашқы ірі жарысы.

    Эльдар Бакудегі алғашқы жекпе-жегінде габондық Амар Мұсаны айқын басымдықпен жеңді (2:0). Алайда келесі кезеңде Париж Гран-приінің жеңімпазы, әлем рейтингінде 5-орында тұрған испаниялық Хавьер Перез Полоның мықты екенін мойындады.

    "Осымен екінші рет әлем чемпионатына қатысып тұрмын. Манчестерде (2019 жылғы – ред) ширек финалда ұтылғанмын. Осы жолы жүлде аламын деп келдім. Дайындығым жақсы болды. Тек жекпе-жектерде бар білгенімді көрсете алмадым. Бар қателік өзімнен кетті",- деді жекпе-жектен кейін Эльдар Бірімбай.

    Айта кетейік, Бакуде таеквондодан XXVI әлем чемпионаты бастау алды. Биылғы дода Халықаралық таеквондо федерацясының 50 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұр. Алдағы аптада мұнда Париж Олимпиадасына қажет ұпайлар сарапқа салынады.

    Бұл спортта рейтингі ең жоғары бәсеке – Олимпиада ойындары (G20). Одан кейін әлем чемпионаты (G14), Гран-придің финалы (G10) мен Гран-при санатындағы жарыстар (G6) тұр.

    "Қате өзімнен кетті": Бакудегі әлем чемпионатында қазақ баласы жеңіліп қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.