jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионаты: тағы бір отандық спортшы ширек финалда жеңілді

    спорт
    Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан таеквондодан чемпионының 5-жарыс күнінде екі отандық спортшы жарыс жолына шықты. Олар Рита Бакишева (46 келі) мен Жавохирхон Исламов (54 келі), деп жазады Спортты дамыту дирекциясы.

    Рита Бакишева ширек финалға дейін сүрінбей жетіп, жүлдеге бір табан қалғанда қазіргі әлем чемпионы, 2021 жылғы Еуропа чемпионы Лина Стойковичке жол берді. Аса тартысты өткен айқастың алғашқы раундында отандастарымыз көп дәл соққы жасап, басым түсті. Алайда 21 жастағы хорватиялық таразы басын теңестіріп, осыдан кейін шешуші раундта да ұтып кетті. Рита 1/8 айналымында аустралиялық Джульет Дахудты, оның алдында испаниялық Лаура Кортегосо Лиманы айқын басымдықпен жеңген.

    Жавохирхон Исламов Бурундиден келген Бенумугиша Гай Калебті ойсырата ұтып, чемпионатты жарқын жеңіспен бастаған. Алайда 2-айналымда Германия құрамасының өкілі Халед Абдель Халимнің мықты екенін мойындауға мәжбүр болды.

    Ертең ел намысын Назым Махмұтова (62 келі) мен Нұрқанат Қожахметов (74 келі) қорғамақ.

    Әлем чемпионаты: тағы бір отандық спортшы ширек финалда жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.