jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ролан Гаррос турнирі: Путинцева үшінші кезеңде АҚШ теннисшісіне есе жіберді

    Юлия Путинцева
    Юлия Путинцева кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінің төртінші айналымына шыға алмады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 30-ракеткасы, америкалық Слоан Стивенспен шеберлік байқасты.

    Тартысты өткен кездесуде 3:6, 6:3, 2:6 есебімен АҚШ өкілі жеңіске жетті. Матч 2 сағат 20 минутқа жалғасты.

    Осылайша, Юлия Путинцева Ролан Гаррос турнирінен шығып қалды.

    Айта кетейік, Қазақстанның екінші ракеткасы екінші айналымда әлемнің 19-ракеткасы, қытайлық Чжэн Циньвэньмен ойнап, басым түскен еді.

    Ал алғашқы кезеңде Путинцева Бельгияның атынан сынға түсіп жүрген түбі украиналық Марина Заневскаядан айласын асырды.

    Ролан Гаррос турнирі: Путинцева үшінші кезеңде АҚШ теннисшісіне есе жіберді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.