jitsu gif
Спорт

    Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

    Бейбіт Жұқаев
    Бейбіт Жұқаев кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Отандық теннисші турнирдің жартылай финалында Аустралия өкілі, әлемнің 288-ракеткасы Адам Уолтонмен шеберлік байқасты.

    Үш сетке созылған ойында 6:7, 6:4, 7:6 Бейбіт Жұқаев жеңіске жетті.

    Тартысты матч 2 сағат 58 минутқа созылды.

    Осылайша, қазақстандық теннисші АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің финалына жолдама алды.

    Жарыстың ақтық мәресі 4 маусым күні түнде өтеді.

    Айта кетейік, Бейбіт Жұқаев ширек финалда Қазақстанның тағы бір өкілі Михаил Кукушкиннен басым түскен еді.

    Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.