Бейбіт Жұқаев АҚШ-тағы турнирдің финалында ұтылып қалды
Опубликовано:
Қазақстандық, әлемнің 325-ракеткасы, 22 жастағы Бейбіт Жұқаев АҚШ-тың Литтл-Рок қаласында өткен челленджер финалында өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.
Отандық теннисші финалда әлемнің 311-ракеткасы, эстониялық Марк Лаялмен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партия соңында брейк жасаған эстониялық спортшы басымдылық танытты (6:4).
Екіншісінде есесіне есеп 4:4 болған мезетте Бейбіт брейк жасағанымен, ізінше сетке доп бергенде, өз мүмкіндігін пайдалана алмады. Эстониялық теннисші матчты тағы бір брейкпен тәмамдады ( 7:5).
Осылайша, Бейбіт Жұқаев спорттық жолында алғаш рет челленджер турнирінің финалына дейін жетті.
Айта кетейік, Бейбіт Жұқаев ширек финалда Қазақстанның тағы бір өкілі Михаил Кукушкиннен басым түскен еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2023369-beibit-zuqaev-aqs-tagy-turnirdin-finalynda-utylyp-qaldy/