jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанның екінші ракеткасы Германиядағы турнирді жеңіспен бастады

    теннис
    Тимофей Скатов. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстанның екінші, әлемнің 147-ракеткасы Тимофей Скатов Германияның Хайльбронн қаласында өтіп жатқан челленджер турнирін жеңіспен бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    22 жастағы отандық теннисші турнирдің алғашқы айналымында әлемдік рейтингте 174-орында тұрған Босния өкілі Дамир Джумхурмен шеберлік байқасты.

    Ойын 7:5, 6:1 есебімен қазақстандықтың пайдасына аяқталды.

    Тартысты матч бір сағат қырық минутқа жалғасты.

    Осылайша, Тимофей Скатов Германияның Хайльбронн қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің екінші айналымына жолдама алды.

    Енді Қазақстанның екінші ракеткасы ширек финалға шығу үшін әлемнің 81-ракеткасы, испаниялық Хауме Муньяр немесе рейтингте 160-сатыдағы боливиялық Уго Дельеннің біреуімен ойнайды.

    Қазақстанның екінші ракеткасы Германиядағы турнирді жеңіспен бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.