Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түсініксіз": "Ролан Гаррос" турнирінде тағы бір теннисші Рыбакина секілді ауырып қалды

Опубликовано:

Теннис добы
Теннис добы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Теннистен Франция ашық чемпионатында тағы бір теннисші жарысты денсаулығына байланысты аяқтады. Бұл туралы meta-ratings сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

WTA рейтингінде 66-орында тұрған Леся Цуренко өзін жайсыз сезінуіне байланысты "Ролан Гаррос" турнирін жалғастырудан бас тартты.

"Мен де Рыбакина секілді болып тұрмын. Вирус. Ағзам ойынды әрі қарай жалғастыруға жарамады. Бір нәрсе дұрыс болмады, мұрным бітіп, жүрегім қатты соғып кетті. Бұл не вирус? Түсініксіз. Парижде қандай да бір вирус жүргенін Рыбакина айтқан. Мүмкін. Бәріміз де адамбыз, кейде ауырамыз", - деді Цуренко.

Айта кетелік, қазақстандық Елена Рыбакина Париждені "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына дейін жетіп, кейін денсаулығына байланысты жарысты аяқтаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2023583-tusiniksiz-rolan-garros-turnirinde-tagy-bir-tennissi-rybakina-sekildi-auyryp-qaldy/