jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Велоспорттан Азия чемпионатында ел қоржынына алтын медаль түсті

    Евгений Федоров
    Евгений Федоров мәре сызығын бірінші болып кесті. Фото: John Rohlhoff

    Таиландтың Районг қаласында өтіп жатқан велоспорттан Азия чемпионатында ел қоржынына алтын медаль түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстандық велоспортшылар алғашқы жүлдені командалық сайыста жеңіп алды.

    Ұлттық құраманың өкілдері белгіленген қашықтықты 1 сағат 13 минут 27 секундта бағындырды. Бұл нәтиже команданың бірінші орын алуына мүмкіндік сыйлады.

    Қазақстан құрамасы сапында Рината Сұлтанова, Игорь Чжан, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Махаббат Үмітжанова, Марина Кузьмина өнер көрсетті.

    Күміс медаль Өзбекстан құрамасына бұйырды.

    Қытай командасы үздік үштіктен көрінді.

    Велоспорттан тас жолдағы Азия чемпионаты 13 маусымға дейін жалғасады.

    Велоспорттан Азия чемпионатында ел қоржынына алтын медаль түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.