jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілетін болды

    Рыбакина
    Фото: Қазақстан теннис федерациясы

    Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина дүйсенбі, 12 маусым күні жаңартылатын әлемдік рейтингте үздік үштікке енеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

    Отандық теннисші WTA Live рейтингісінде қазіргі уақытта төртіншіден ұшінші орынға көтерілген.

    Ролан Гаррос турнирінің қорытындысы бойынша Рыбакинаның алдына әлемнің 7-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер шығуы мүмкін болатын. Алайда ол ширек финалда әлемнің 14-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майяға жол берді.

    Осылайша, Қазақстанның бірінші ракеткасы Ига Швентек (Польша) пен Арина Соболенкодан (Беларусь) кейінгі үшінші сатыға көтерілмек.

    Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, Рыбакинаның ресми түрде алдағы дүйсенбіде әлемнің үшінші ракеткасы атанатынын жеткізді.

    Елена Рыбакина әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілетін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.