jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Отандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

    Теннис
    Михаил Кукушкин кортта. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

    Отандық теннисші Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Отандық теннисші турнирдің екінші айналымында әлемдік рейтингте 296-орында тұрған Аустралия өкілі Марк Полманспен шеберлік байқасты.

    Үш сетке созылған ойында 2:6, 6:4, 6:2 есебімен Михаил Кукушкин жеңіске жетті.

    Тартысты өткен матч екі сағат 17 минутқа жалғасты.

    Отандық теннисші АҚШ-тың Тайлер қаласында өтіп жатқан челленджер турнирінің ширек финалында әлемнің 256-ракеткасы, жапониялық Юта Шимизумен ойнайды.

    Айта кетейік, Михаил Кукушкин турнирдің алғашқы айналымында отандасы Денис Евсеевті ұтты.

    Отандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.