jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

    теннис
    Рыбакина кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Халықаралық әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) рейтингті жаңартты. Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Отандық теннисші жаңартылған рейтингте төртінші сатыдан үшінші орынға көтеріліп, тарихи нәтиже тіркеді. Осыған дейін қазақстандық теннисшілер бұндай көрсеткішке қол жеткізген емес.

    Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева әлемдік рейтингте 58-ден 51-ге көтерілді.

    Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина позициясын жақсартып, 24-сатыға жайғасқан.

    Рейтингті Ролан Гаррос жарысының үш дүркін чемпионы польшалық Ига Швентек бастап тұр.

    Екінші сатыда Australian Open-2023 турнирінің жеңімпазы - Арина Соболенко.

    Ресми: Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.