jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ баласы Зейнолла Ыдырысов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды

    Зейнолла Ыдырысов жеңіс тұғырында
    Зейнолла Ыдырысов. Фото: instagram/agugymnastics

    Сингапурде спорттық гимнастикадан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Жасөспірімдер арасындағы сында қазақстандықтар үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан жасөспірімдер құрамасының мүшесі Зейнолла Ыдырысов ат снарядындағы жаттығу бойынша алтын жүлдегер атанды. Ол 13.950 ұпай жинаған. Бұл жаттығу бойынша күмісті Қытай, қоланы Жапония спортшылары иеленді.

    Қол тіреп секіруден Темірбек Алтынхан 13.650 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды. Алтынды Қытай, күмісті Филиппин гимнастары еншілеген.

    Кермедегі жаттығу бойынша финалға шыққан Нұртан Ыдырысов 12.500 ұпаймен қола медаль жеңіп алды. Ол Жапония және Оңтүстік Корея спортшылары есе жіберген.

    Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 4-орынға жайғасты.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Зейнолла Ыдырыстов Түркияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола медаль еншілеген болатын.

    Қазақ баласы Зейнолла Ыдырысов спорттық гимнастикадан Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.