Отандық теннисші Нидерландтағы турнирде "Үлкен дулыға" чемпиондарын ұтты
Опубликовано:
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің келесі кезеңіне шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Отандық теннисші алғашқы айналымда эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге сальвадорлық Марсело Аревало - нидерландылық Жан-Жюльен Ройермен шеберлік байқасты.
Тартысты өткен ойында 6:4, 3:6, 10:6 есебімен қазақстандық-эквадорлық жұп жеңіске жетіп, Хертогенбос ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Матч бір сағат жиырма тоғыз минутқа жалғасты.
Айта кетейік, Марсело мен Жюльен - 2022 жылғы Франция ашық біріншілігінің жеңімпаздары. Оған қоса нидерландылық спортшы жұптық сында 2017 жылғы АҚШ ашық чемпионатында және 2015 жылғы Уимблдонда чемпион атанған болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2024808-otandyq-tennissi-niderlandtagy-turnirde-ulken-dulyga-cempiondaryn-utty/