jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші Тегерандағы турнирдің жартылай финалына шықты

    спортшы
    Фото: Қазақстан теннис федерациясы

    Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Иранда өтіп жатқан турнирдің финалына бір табан жақын қалды.

    Sports.kz мәліметінше, отандық теннисші ресейлік Егор Агафоновпен бірге Тегеран қаласындағы "Челленджер" турнирінің жұптық сынында жартылай финалға шыққан.

    Олар ширек финалда ресейлік жұп Александр Чепик және Денис Клокпен шеберлік байқасты.

    Тартысты матчта 6:3, 7:6 есебімен Григорий Ломакин және Егор Агафонов жұбының мерейі үстем болды.

    Енді қазақстандық-ресейлік спортшы финалға жолдама алу үшін Түркия өкілдері Дженгиз Аксу және Гёкберк Саритаспен ойнайды.

    Қазақстандық теннисші Тегерандағы турнирдің жартылай финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.