Мағжан Шамшадин Астанада өтіп жатқан Grand Slam жарысының чемпионы атанды
Опубликовано:
Мағжан Шамшадин дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam жарысының чемпионы атанды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлады.
Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап, қарсылас шақ келтірмеді. Финалда ол Франция өкілі Седрик Револды ұтты.
Бұл отандық спортшының Grand Slam жарыстарындағы алғашқы алтын жүлдесі.
Айта кетейік, Мағжан Шамшадин алғашқы кездесуінде Әзірбайжан спортшысы Назир Талибовтан басым түсті. Екінші белдесуінде ол Бахром Ботуровты (Өзбекстан) иппон ұпайымен жеңсе, жартылай финалдық белдесуде Мерзод Суфиевтен (Тәжікстан) айласын асырды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2025149-magzan-samsadin-astanada-otip-zatqan-grand-slam-zarysynyn-cempiony-atandy/