Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Нидерландтағы турнирдің финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Отандық теннисші Хертогенбос ATP 250 турнирінің жартылай финалында эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге аустралиялықтар Алекс Де Минаур - Джордан Томпсонмен ойнауы қажет болған.
Алайда қарсыластары матчқа келмеді. Олардың бұндай қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз.
Енді қазақстандық-эквадорлық жұп турнирдің ақтық мәресінде нидерландылық Уэсли Колхоф - ұлыбританиялық Нил Скупскимен ойнамақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2025170-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-niderlandtagy-turnirdin-finalyna-syqty/