Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бес жарыстан бес медаль": Нариман Курбанов азулы қарсыласынан озып, Азия чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Нариман Курбанов жаттығу кезінде
Нариман Курбанов. Фото: prosports.kz

Сингапурде өткен спорттық гимнастикадан Азия чемпионатында Нариман Курбанов жеңіске жетті. Ол гимнастикалық ат снарядында топ жарған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Курбанов ат снарядындағы жаттығуды 15.333 ұпаймен аяқтап, чемпион атанды. Ол осы жаттығу бойынша былтырғы Азия чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, иорданиялық Абу әл-Соуд Ахмадтан озып кетті. Қола медальді Жапония спортшысы иеленген.

"Биылғы бес жарыстан бес медаль - 3 алтын, 2 қола. Әлемдік рейтингтегі үздік көрсеткішті есептемегенде, қатарынан үш рет жеңіске жетіппін. Азия чемпионы атағы және еліміз көптен күткен алтын медаль.

Ең басты және мақтанып айтатын жеңіс - Қазақстанның командалық сында алғаш рет Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алғаны. Командамыздың әлемдік сындағы қазіргі көрсеткіші еліміздегі гимнастиканың деңгейі өскенін көрсетеді. Сондай-ақ бұл біздің дұрыс бағытта екеніміздің нәтижесі", - деп жазды Азия чемпионы Нариман Курбанов.

Сондай-ақ Азия біріншілігінде Дмитрий Патанин еркін жаттығудан күміс медаль иеленді. Осы жаттығу бойынша Милад Карими үздік бестікке енген.

Тағы бір айта кетерлігі, спорттық гимнастикадан командалық сында алғаш рет қола жүлдегер атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2025374-bes-zarystan-bes-medal-nariman-kurbanov-azuly-qarsylasynan-ozyp-aziya-cempiony-atandy/