jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қытайда өтетін Азия ойындарының алауы тұтанды

    аспан асты елі
    Фото: pexels.com

    Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясында орналасқан Дамодзяо тауында он тоғызыншы жазғы Азия ойындарының алауы жағылды. Бұл туралы Спортта дамыту дирекциясы хабарлайды.

    "Бұл жерде Қытай өркениетінің 5000 жыл тарихынан сыр шертетін Лянчжу ежелгі қаласы бар. Рәсім күн сәулесін пайдалана отырып, барлық дәстүрлі әдісті сақтай отырып өткізілді.

    Енді алау шеруі қыркүйектің ортасында Ханчжоу қаласының Шиху көлінен бастау алып, сосын эстафета Чжэцзянның 11 қаласын шарлап шығады. Сонымен қатар "цифрлы алау эстафетасы" онлайн платформалар арқылы Қытайдың әртүрлі қалаларында және Азия елдерінде онлайн режимде ұйымдастырылады", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, Азия ойындары 2022 жылы өтуі керек болған. Алайда пандемияға байланысты 2023 жылғы ауыстырылды. Азиада Қытайдың Ханчжоу қаласында 23 қыркүйекте басталып, 8 қазанда аяқталады.

    Қытайда өтетін Азия ойындарының алауы тұтанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.