jitsu gif
Спорт

    Анна Данилина жұптық сында Берлин турнирінің ширек финалына шықты

    Анна Данилина
    Анна Данилина кортта: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Берлин WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.

    Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина мен қытайлық Сюй Ифань алғашқы айналымда германиялық Лаура Зигемунд – ресейлік Вера Звонаревамен шеберлік байқасты.

    Қазақстандық-қытайлық жұп қарсыластарын 6:3, 6:1 есебімен оңай жеңді.

    Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесу барысында Данилина мен Ифань 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.

    Енді қазақстандық-қытайлық дуэт жартылай финалға шығу үшін чехиялықтар Катерина Синякова – Маркета Вондрусовамен кездеспек.

    Анна Данилина жұптық сында Берлин турнирінің ширек финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.