jitsu gif
Спорт

    Александр Бублик әйгілі Уимблдон турнирін сәтті бастады

    Александр Бублик кортта
    Александр Бублик. Фото: ktf.kz

    Әлемнің 26-ракеткасы Александр Бублик Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты. Бұл туралы теннис федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 54-орында тұрған америкалық Маккензи Макдональдқа қарсы ойнады.

    Бірінші партияда тай-брейкте сәтті ойнаған америкалық теннисші алға шықты. – 7:6 (7:3).

    Екінші партияда есеп 4:4 болған мезетте Бублик брейк жасап, сосын өз геймін алды – 6:4.

    Үшінші сетте қазақстандық теннисші доп берген кезде қателікке бой алдырып, қарсыласының брейк жасауына жол беріп қойды – 0:2. Дегенмен таразы басын теңестіре алды – 4:4. Содан кейін тағы бір брейкке қол жеткізіп, партияны өз пайдасына шешті – 6:4.

    Төртінші партияда брейк жасаған қазақстандық спортшы 3:1 есебімен алға кетті. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

    Екі сағат 49 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Бублик 24 эйс жасап, 11 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды.

    Александр екінші айналымда тағы бір америкалық, әлемнің 48-ракеткасы Джеффри Джон Вольфпен кортқа шығады.

    Александр Бублик әйгілі Уимблдон турнирін сәтті бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.