Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путинцева мен Рыбакина шығады: тамашалауға тұрарлық Уимблдонда өтетін бүгінгі матчтар туралы не белгілі

Опубликовано:

Турнир – Уимблдон
Фото: Parimatch

Кеше Англияда жылдың көгалдағы басты турнирінің негізгі торы – Уимблдон басталды. Үлкен Дулыға қатысушыларының қатарына қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина кірді.

Беатриз Аддад Майя – Юлия Путинцева

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева үшін алдағы кездесу оңайлықпен өте қоймас. Беатриз Аддад Майя өзінің мықты оң жақ соққысымен және допты жылдам лақтыруымен танымал - бұл көгалдағы тиімді дағды болып есептеледі. Биылғы жылы Аддад Майя жарыс кезінде біраз қиындықтарға тап болса да, өзінің дарынын басқа турнирлерде көрсетіп, "Ролан Гарроста" жартылай финалға өтіп, өзінің шеберлігін дәлелдеді.

Әбу-Дабидегі турнирде ханымдар бір-біріне қарсы шыққан уақытта, алғашында жеңімпазды анықтау қиынға соқты. Екінші сет Путинцеваның пайдасына тай-брейкте шешілді, ал Аддад Майя финалда жеңіске жетті және дәл осылай сетті де шешті. Олардың қазіргі дайындығы туралы айтатын болсақ: екеуі де алдағы шайқасқа жеңілістерден кейін шығады және дене дайындығының шыңында емес, бұл қарсыластықтың интригалары көбеймесе, азаймайтынына сенімді бола аласыз.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

Беатриз Аддад Майя – 1.31, Юлия Путинцева – 3.70

Шелби Роджерс – Елена Рыбакина

30 жастағы теннис ардагері Шелби Роджерстің жағдайы қазіргі уақытта қатарынан төрт жеңіліс сериясымен сан соқтырып, әттең-ай болып отыр. Роджерстің мансабының шыңы, өткен жылы WTA рейтингінде 30-шы орынды иеленумен болған. Ауыз толтырып айтатын нәтижелердің болмауына байланысты, рейтингте төмендеп кетті.

Шелби Абу-Дабидегі ширек финалға бір қадам жетпей қалды. Басқа жарыстарда ол бірінші раундтарда жеңіліске ұшыраған, ал көгалды кортындағы Eastbourne International жұпсыз турнирінің бірінші айналымында жеңіліс тауып, аяқтады.

Рыбакинаның өткен жылы әлемдегі үшінші үздік ракетка болу үшін жасаған жұмысы әсерлі деп айтуға болады. Қазақстандық теннисші өткен маусымда Уимблдонда жеңіске жеткеннен кейін әйелдер теннисіндегі үздіктердің бірі болатыны анық болды.

Биылғы жылға жағдайы әлдеқайда жақсы. Рыбакина Австралияның ашық чемпионатының және Майами ашық чемпионатының финалына дейін өтті. Ол сондай-ақ Индиан-Уэллсте және "Рим Мастерсте" жеңісті қанжығасына байлай алды. Енді Еленаның мақсаты, чемпион атағын қорғау болып табылады, әйтпесе ол рейтингте төмендеуі мүмкін.

Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:

Шелби Роджерс – 6.50, Елена Рыбакина – 1.13

Үлкен дулыға турниріне Parimatch-пен бірге ұтыс тігіп, шотты алғашқы рет толықтырғаныңыз үшін +100% бонус алыңыз.

Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті» РММ берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2027536-putinceva-men-rybakina-sygady-tamasalauga-turarlyq-uimbldonda-otetin-bugingi-matctar-turaly-ne-belgili/

pixel