Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана" шабандозы "Тур де Франс" турнирінде бұғанасын сындырып, жарысты аяқтады

Опубликовано:

Веложарыс
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Астана" кәсіби клубының испандық шабандозы Луис Леон Санчес "Тур де Франс" көпкүндігін мерзімінен бұрын аяқтады. Бұл туралы Meta-Ratings.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Спортшының жарыстан бас тартуына жарақаты себеп болған.

"Луис Леон Санчем төртінші кезеңнің соңғы шақырымдарында сол жақ бұғанасын сындырып алды. Ертең ол Испанияға аттанады. Сол жақта оған ота жасалады", - деп хабарлады клубтың баспасөз қызметі.

Осылайша, "Тур де Франс" турнирінде "Астана" сапынан жеті велошабандоз қалды. Олар - Алексей Луценко мен Евгений Федоров, Джанни Москон, Давид Де Ла Круз, Марк Кавендиш, Кейс Бол және Харольд Техада.

Әзірге команда сапындағы ең үздік нәтижені Марк Кавендиш көрсетті. Ол төртінші кезеңде мәре сызығын бесінші болып кескен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2027628-astana-sabandozy-tur-de-frans-turnirinde-buganasyn-syndyryp-zarysty-ayaqtady/

pixel