jitsu gif
Спорт

    Уимблдон-2023: Александр Бублик америкалық теннисшіні жеңіп, үшінші айналымға шықты

    Александр Бублик
    Александр Бублик. Фото: ktf.kz

    Уимблдон турнирінің екінші айналымын қазақстандық Александр Бублик сәтті өткізді. Ол америкалық Джеффри Вульфті ұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Кездесудің бірінші партиясында Бублик 6:3 есебімен алға шықты.

    Екінші партияда Джеффри 7:6 есебімен таразы басын теңестірді.

    Ал шешуші раундта Александр Бублик қарсыласына бір гейм де бермей, 6:0 есебімен ұтты.

    Осылайша, қазақстандық теннисші өз мансабында үшінші рет Уимблдон турнирінің үшінші айналымына жолдама алып отыр.

    Айта кетелік, бұған дейін Бублик пен Вульф үш рет кездесіп, үшеуінде де америкалық теннисші басым түскен болатын.

    Бүгін Уимблдон турниріндегі екінші матсын Елена Рыбакина өткізеді.

    Уимблдон-2023: Александр Бублик америкалық теннисшіні жеңіп, үшінші айналымға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.