jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    18 жастағы оралдық спортшы қыз ескек есуден әлем чемпионы атанды

    Мария Бровокованың жеңісті сәті
    Мария Бровокова. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Оралдық Мария Бровкова ескек есуден әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Италияның Ауронзо қаласында жасөспірімдер мен жастар арасында байдарка мен каноэде ескек есуден əлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгінге дейін Қазақстан құрамасының 2 өкілі тұғыр биігіне көтерілді.

    Əуелі Мария Бровкова 18 жасқа дейінгілер арасындағы С-1 санатында 1000 метрге жарыста алдына жан салған жоқ. Оның уақыт көрсеткіші 4:35.01 секунд. Күміс жүлдені мажарстандық Река Саркани уысына түсірсе, үздік үштікті өзбекстандық Шохсанам Шерзодова түйіндеді.

    Осыдан кейін 23 жасқа дейінгі спортшылар сынында Руфина Ысқақова мəре сызығын 2-болып кесті. Ол С-1 санатында 1000 метр жарыста мажарстандық Борька Загывайға ғана жол берді.

    Сондай-ақ каноэмен есуден 1500 метрге жарысудан Бровкова әлем чемпионатының күмісін иеленді.

    Жалпы биылғы бəсекеге 65 мемлекеттен 938 спортшы жиналды.

    18 жастағы оралдық спортшы қыз ескек есуден әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.