Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астананың" әйгілі шабандозы "Тур де Франста" бұғанасын сындырып, жарысты аяқтады

Опубликовано:

Марк Кавендиштің жарақат алған сәті
Марк Кавендиш. Фото: astana-qazaqstan.com

Astana Qazaqstan Team командасының тағы бір шабандозы ауыр жарақат алды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Кешегі жарыс күнінде Марк Кавендиш жарақат алды. Ол мәреге 60 шақырым қалғанда құлап, бұғанасын сындырып алды.

"Бұл команда үшін өте ауыр. Өйткені бір күн бұрын біз жеңіске бір қадам жақын тұр едім. Бірақ ештеңе өзгерте алмаймыз. Бұл жағдайды қабылдауымыз керек. Марктің "Тур де Франс" кезеңін жеңіп алатын мүмкіндігі мол еді. Күн сайын қарқыны артып келе жатқан. Жанкүйерлер оның 35-жеңісін көргісі келген", - деді клубтың бас менеджері Александр Винокуров.

Марк Кавендиштің оң жақ бұғанасы сынған. Одан бөлек 2017 жылы құлаған соң бұғанадағы сүйекті қатайтып қойған шуруп орнынан сырғып, жарақатын қиындатып жіберді.

Енді Марк Кавендиш Ұлыбританияға оралып, ота жасатады. Ал "Тур де Франста" команда намысын алты спортшы қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2028065-astananyn-aigili-sabandozy-tur-de-fransta-buganasyn-syndyryp-zarysty-ayaqtady/

pixel