Биылғы Үлкен Дулыға турнирі жанкүйерлерді қазақстандық теннисшілердің жетістіктерімен қуанышқа бөлеп жатыр.
Александр Бублик жекелей сында төртінші айналымға шығып, жеке рекорд орнатты. 3 сағаттан астам уақытқа созылған және 5 сет пен 2 тай-брейкті қамтыған Андрей Рублевке қарсы шиеленісті матчты қазақстандық теннисші жеңіспен аяқтай алмады. Дегенмен, "Уимблдонды" Бубликтің жарыс маусымындағы "ақ жолының" басталуы деп атауға болады.
Қазіргі чемпион Елена Рыбакина енді алған бетінен қайтатын емес: бүгін ол мықты қарсыласпен шайқас өткізеді.
Беатриз Аддад Майя – Елена Рыбакина
Кэти Боултерді жеңгеннен кейін, алда әлемнің үшінші ракеткасы Беатриз Хаддад Майямен қиынға соғатын жекпе-жек өтеді. Елена Рыбакина осы маусымда бразилиялық теннисшіден екі рет жеңіліп қалды, ал Беатриз Рыбакинаның "Уимблдон" чемпионы атағын алу мақсатына үлкен сынақ болатыны сөзсіз.
Бразилиялық спортшысы осы маусымдағы басты олжаны жеңіп алу жолында келе жатыр, алайда ол көптеген матчта жеңіске жеткен, бұл WTA рейтингінің алғашқы ондығына көтерілуге өз септігін тигізді. Оның ең үлкен жетістіктерінің бірі - "Ролан Гаррос" Үлкен Дулыға турнирінің жартылай финалына шығуы болды.
Хаддад Майя Уимблдонда алғаш рет төртінші айналымға шығып отыр. Соңғы жекпе-жегінде ол әлемнің 37-ші ракеткасын, тәжірибелі теннисші Сорана Кырстяны 1 сағат 30 минутта жеңді.
Елена Рыбакинаға алдыңғы раундта британдық - Кэти Боултерді турнирдің негізгі торында жеңуі небәрі 57 минутты алды. Қазақстандық спортшы бүкіл матчтың барысын бақылауында ұстап келді. Ол өзінің алғашқы керемет допты лақтыруының арқасында 5 брейк-пойнтты аяқтағаннан кейін 6-1, 6-1 есебімен жеңіске жетті.
Бүкіл мансабында Беатриз Хаддад Майя Рыбакинамен корт алаңында үш рет бас түйістірген, барлық кездесу осы жылдың басынан бері болды.
Биылғы жылды қазақстандық теннисші мансабындағы ең үздік деп атауға болатынына қарамастан, бразилиялық теннисші Рыбакинаның 8 жеңілісінің 2-уіне себепкер екендігімен мақтана алады. Алдымен олар бір-бірімен қатты алаңда, содан кейін топырақты алаңда кездесті, енді олар көгалда күш сынасатын болады.
Parimatch мамандары ойын нәтижесіне келесідей болжам жасайды:
Беатриз Аддад Майя – 3.65, Елена Рыбакина – 1.31
Үлкен дулыға турниріне Parimatch-пен ұтыс тігіңіз, шотты алғашқы толықтырғаныңыз үшін +100% бонусқа ие болыңыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2028085-patsaiymnyn-syndauy-rybakina-uimbldondagy-zarysyn-zalgastyruda/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.