jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Елена Рыбакинаның басты қарсыласы жарыс жолынан шығып қалды

    Ига Швентек
    Ига Швентек. Фото: Julian Finney/Getty Images

    Әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек Уимблдон турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Ол украиналық спортшыдан ұтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ширек финалда Ига Швентек украиналық Элина Свитолинамен кездескен болатын.

    Кездесуде 7:5, 6:7 (5:7), 6:2 есебімен украиналық теннисші жеңіске жетті. Осылайша, "Үлкен дулыға" турнирлерінде жүлде алып көрмеген Свитолина әлемнің бірінші ракеткасын ұтып кетті.

    Ига Швентек "Үлкен дулыға" турнирлерінде үш рет жеңіске жеткен. Ол 2020, 2022, 2023 жылғы "Ролан Гаррос" турнирінде топ жарса, былтыр Американың ашық біріншілігінде жеңіске жетті.

    Айта кетелік, Ига Швентек Елена Рыбакинаның басты қарсыласы саналған еді.

    Қазақстандық теннисші ширек финалда тунистік Онс Жабермен жолығады.

    Елена Рыбакинаның басты қарсыласы жарыс жолынан шығып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.