jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Жабер есе қайтарды: Елена Рыбакина чемпиондық атағын қорғай алмады

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Rob Newell/Getty Images

    Лондонда өтіп жатқан Уимблдон турнирінің ширек финалында қазақстандық Елена Рыбакина жеңіліп қалды. Ол тунистік теннисшіден ұтылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жартылай финалға жолдама берер матчта Рыбакина әлемнің алтыншы ракеткасы, тунистік Онс Жабермен кездесті. Екі спортшы былтыр Уимблдонның финалында кездесіп, Елена жеңіске жеткен болатын.

    Онс Жабер бір жыл бұрын кеткен есесін қайтарды. Ол бүгін Рыбакинаға қарағанда белсенді өнер көрсетті.

    Қорытынды есеп - 7:6, 4:6, 1:6.

    Осылайша, қазақстандық теннисші чемпиондық атағын қорғай алмады. Рыбакина биыл өтіп жатқан үшінші "Үлкен дулыға" турнирінде жеңіліске ұшырады.

    Онс Жабер келесі айналымда Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездеседі.

    Жабер есе қайтарды: Елена Рыбакина чемпиондық атағын қорғай алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.