Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синхронды жүзу: қазақстандық Эдуард Ким әлем чемпионатының финалына шықты

Опубликовано:

Эдуард Ким жарыс кезінде
Эдуард Ким. Фото: aquatics.kz

Жапонияның Фукуоки қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Жарыс шымылдығын синхронды жүзу шеберлері бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Синхронды жүзу бәсекесіне 45 мемлекеттен 300-ден аса спортшы қатысып жатыр.

Қазақстан атынан жекелей сында өнер көрсететін Эдуард Ким финалға шықты. Ол техникалық бағдарламадан іріктеу кезеңінде 89,300 ұпай жинап, бесінші орынға табан тіреді.

Бұл сайысты әзірге үздік нәтижен испаниялық спортшы тіркеген.

Айта кетелік, әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар 11 дисциплина бойынша өнер көрсетеді.

Әлем чемпионатында жүзуден ел намысын ұлттық құраманың төрт мүшесі: Әділбек Мусин (50, 100 метр баттерфляй, 100 метр еркін стиль), Тасжанова Диана (800, 1500 метр еркін стиль), Аделаида Пчелинцева (50, 100 метр брасс) және Ксения Игнатова (50, 100, 200 метр шалқалай жүзу) қорғайды. Жарыс 23-30 шілде аралығында өтеді.

Артистік жүзу бәсекесі 14-22 шілде аралығында өтеді. Бұл сында Қазақстан атынан 14 спортшы қатысады.

Ал су добы сайысы 16-28 шілде аралығына жоспарланған. Қатысушы елдердің арасында Қазақстан ерлер және әйелдер құрамалары да бар.

Ашық суда жүзу бәсекесінде ел намысын 5 отандасымыз қорғайды. Олар: Ғалымжан Балабек, Лев Черепанов, Даниил Андросов, Мария Федотова, Диана Тасжанова. Жарыс 15-20 шілде аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2028675-sinxrondy-zuzu-qazaqstandyq-eduard-kim-alem-cempionatynyn-finalyna-syqty/

pixel