Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннистен Астанада өтетін халықаралық турнирге Рыбакина қатыспайды

Опубликовано:

Рыбакина
Фото: instagram.com/lenarybakina

23 шілде - 6 тамыз аралығында Астанада президент кубогы Forte Series аясында Beeline arena Ұлттық теннис орталығында ATP Challenger Tour және ITF World Tennis Tour турнирлері өтеді. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.

Биыл Президент кубогінде ел намысын ерлер арасында Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Денис Евсеев, Григорий Ломакин, Максим Батютенколар қорғайды.

Әйелдер арасында Гөзал Айнитдинова, Жібек Құламбаева, Аружан Сағындықова, Сандуғаш Кенжебаева және басқалар өнер көрсетеді.

Дәреже-деңгейі жоғары жарыста кезінде қазір әлемдегі үздік теннисшілердің қатарына кіретін Даниил Медведев (ATP №3), Андрей Рублев (ATP №7), Карен Хачанов (ATP №11), Себастьян Корда (ATP № 28), Роман Сафиуллин (АТР №43), Миомир Кецманович (ATP № 44), Макс Перселл (АТР №71) және басқа спортшылар бақ сынады.

Президент кубогі 2007 жылы халықаралық мәртебеге ие болды. Әр жылдары қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Марченко, аустриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шуттлер, Аустралия ашық чемпионаты мен Ролан Гарростың жеңімпазы, хорватиялық Иван Додиг, жұптық сында "Үлкен дулыға" турнирінің екі дүркін чемпионы, қытайлық Чжан Шуай секілді теннисшілер үздік шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2028979-tennisten-astanada-otetin-xalyqaralyq-turnirge-rybakina-qatyspaidy/

pixel