jitsu gif
Спорт

    Отандық теннисші Швециядағы турнирдің ширек финалына шықты

    Александр Недовесов
    Александр Недовесов. Фото: ktf.kz

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Швецияда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің келесі кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Отандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге турнирдің алғашқы кездесуінде корт иелері Лео Борг - Симон Фройндпен шеберлік байқасты.

    Тартысты өткен ойында қазақстандық-эквадорлық жұп 6:1, 6:4 есебімен қарсыласынан басым түсті.

    Осылайша, Александр Недовесов пен Гонсало Эскобар Швецияда өтіп жатқан ATP 250 турнирінің келесі кезеңіне шықты.

    Енді олар жартылай финалға шығу үшін турнирдің 2-ракеткалары, бельгиялықтар Йоран Флиген - Сандер Жилле немесе сербиялықтар Никола Качич - Душан Лайович жұптарының бірімен ойнамақ.

    Отандық теннисші Швециядағы турнирдің ширек финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.