Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресми: жыл басынан бері 41 қазақстандық спортшы допингпен ұсталды

Опубликовано:

Санатәлі Төлтаев
Санатәлі Төлтаев: kfb.kz

Жыл басынан бері 41 қазақстандық спортшы допинг қолданғаны үшін жарыстардан шеттетілді. Бұл туралы "Хабар 24" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алты айдың ішінде қырықтан аса спортшы допинг күдігіне ілікті. Олардың қатарында екі боксшы да бар. Азия чемпионатының қола жүлдегері Саматәлі Төлтаев оралтуринабол қолданғаны үшін, Серік Абзал метастерон қолданғаны үшін ресми түрде үш жылға спорттан шеттетілді.

"Ұлттық құрамаға Мырзағали Айтжанов келген соң, ол ең бірінші қандай "материалмен" жұмыс істейтінін білгісі келді. Сол себепті бізге допинг бақылау жүргізуді сұрады. Нәтижесінде екі боксшы допингпен ұсталды. Спортшылар допингке қарсы ережені бұзғанын мойындады. Сондықтан оларды үш жылға спорттан шеттетті", - дейді допингке қарсы ұлттық орталық директоры Майра Бақашева.

Ал бокс федерациясының атқарушы директоры Маратбек Мықтыбеков спортшылардың білместікке салынғанын айтады.

"Олар әдейі істеді демеймін. Өйткені олар бірінші нөмірлі боксшылар. Жақсы нәтиже көрсетіп жүрді. Серік Абзал мүлде жас спортшы, оны келесі Олимпиадаға барады деп жүргенбіз. Одан бөлек, федерациядан да дәрумендер беріледі. Олар өздері қандай дәрумен қабылдағанын білмеген. Олар қолданған дәрумендер сертификатталмаған", - деді Мықтыбеков.

Допингке қарсы ұлттық ұлттық орталықтың директоры Майра Бақашева қазақстандық ауыр атлеттер Олимпиададан шеттетілуі мүмкін деген пікірде.

"Бұл туралы бәрі айтып жатыр. Бұл федерацияның өзі үшін үлкен проблемаға айналды. Өйткені федерацияны да белгілі бір уақытқа шеттетуі мүмкін. Егер бұл Париж Олимпиадасына дейін орын алса, біздің зілтеміршілер Олимпиададан сырт қалуы мүмкін", - деді Бақашева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2029160-resmi-zyl-basynan-beri-41-qazaqstandyq-sportsy-dopingpen-ustaldy/

pixel