jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Никита Чирюкин нысана көздеуден әлем чемпионы атанды

    Никита Сирюкин
    Никита Сирюкин. Фото: Instagram.com/drs_kz

    Никита Чирюкин нысана көздеуден әлем чемпионатында ел қоржынына алтын медаль салды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.

    Белгілі болғандай, Ұлттық құрама спортшысы Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында жеңіске жеткен.

    Никита Чирюкин кіші калибрлі тапаншамен 25 метрден оқ атуда қарсылас шақ келтірген жоқ.

    Жеңімпаздың бапкері - Рашид Юнусметов.

    Қытайлық Чжан Чжихао күміс жүлдеге ие болса, үздік үштікті жарыс қожайыны Сук Джин Хонг түйіндеген.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан құрамасы 1 алтын медальмен жалпы есепте 8-орынға көтерілді.

    Чханвондағы əлем чемпионаты 25 шілдеде аяқталады. Биылғы бəсекеге 45 елден 600-ден астам спортшы жиналды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.