jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Арина Алтухова нысана көздеуден әлем чемпионатында үздік үштікке енді

    Арина Алтухова
    Арина Алтухова. Фото: t.me/committee_sport

    Нысана көздеуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. Бұл туралы Спорт комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ұлттық құрама спортшысы Арина Алтухова Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы əлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.

    Отандасымыз кіші калибрлі винтовкамен 50 метрден 3 позицияда (тік тұрып, жатып, тізерлеп тұрып) оқ атып, 455.7 ұпай жинады.

    Бұл жаттығуда Вивьен Джой Джегги (Швейцария) әлем чемпионы атанды. Ол біздің Аринадан 1,6 балл артық жинады. Қола медаль тағы бір швейцариялық Эмели Джеггидің еншісінде.

    Айта кетейік, жуырда Арина Алтухова осы бағдарламада Қазақстанның VI жазғы Спартакиадасында күміс медаль жеңіп алған. Сондай-ақ бірнеше ай бұрын Джакартада өткен әлем Кубогында жеңіске жеткен.

    Бұған дейін тағы бір қазақстандық спортшы Никита Чирюкин чемпион атанған болатын.

    Арина Алтухова нысана көздеуден әлем чемпионатында үздік үштікке енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.