jitsu gif
Спорт

    Қазақ тілінде еркін сөйлейтін Софья Берульцева каратэден Азия чемпионы атанды

    Софья Берульцева жеңіс тұғырында
    Софья Берульцева. Фото: kazsports.kz

    Бүгін Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионаты басталды. Алғашқы жарыс күнінде Софья Берульцева чемпион атанды, деп хабарлайды Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Биылғы бәсекеге құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар. Ұлттық құрама каратэшілері чемпионатты сәтті бастады.

    Алғашқы күні кумите бағдарламасында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, Ұлттық құрама көшбасшысы Софья Берульцева (+68 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды.

    Финалға шыққан тағы бір отандасымыз Дидар Әмірәлі қарсыласқа жол беріп, күміс медаль алды.

    Кумитеде Жоламан Биғабыл (55 кг), сондай-ақ ката бағдарламасында Лия Қошқарбаева қола жүлдеге ие болды.

    Қазақ тілінде еркін сөйлейтін Софья Берульцева каратэден Азия чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.