Отандық теннисші алғаш рет ATP 250 турнирінің чемпионы атанды
Опубликовано:
Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің чемпионы атанды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.
Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге финалда португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матоспен бас жүлде үшін сынға түсті.
Тартысты матчта Недовесов пен Эскобар 6:2, 6:2 есебімен қарсыластарынан басым түсті.
Осылайша, Александр спорттық жолында алғаш рет ATP 250 жарысының жеңімпазы болды. Бұған дейін ол төрт мәрте финалға шығып, бәрінде жеңіліс тапқан еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2029787-qazaqstannyn-birinsi-raketkasy-algas-ret-atp-250-turnirinin-cempiony-atandy/