Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапондардан озды: отандық каратэшілер Азия чемпионатында тұңғыш рет топ жарды

Опубликовано:

Нұрқанат Әжіқанов Премьер-лигада жеңіске жетті
Нұрқанат Әжіқанов. Фото: olympic.kz

Малайзияның Макка қаласында каратэден Азия чемпионаты аяқталды. Бұл туралы Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Аталған чемпионаттан соң Қазақстан құрамасы тарихта алғаш рет жалпы есепте көш бастады. Біздің команда қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 4 қола медаль бар.

Қазақстан сапынан Софья Берульцева (+68 келі), Қайсар Алпысбай (60 келі) және Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) алтын медаль иегері атанды.

Күміс жүлдегерлер қатарында ерлі-зайыптылар Дидар Әмірәлі мен Мөлдір Жаңбырбай, Гүлмира Үсеновалар бар. Сондай-ақ командалық жарыста қазақстандықтар күміс еншіледі.

Қола медальді Жоламан Байғабыл, Данияр Юлдашев, Абылай Төлтай еншілеген.

Азия чемпионатындағы жалпыкомандалық есепте Қазақстан топ жарса, екінші орынды Жапония, үшінші орынды Иран спортшылары иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2029792-zapondardan-ozdy-otandyq-karatesiler-algas-ret-aziya-cempionatynda-birinsi-oryn-ielendi/

pixel