jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Теннистен президент кубогы: Михаил Кукушкин ширек финалға шықты

    Кукушкин
    Кукушкин. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Михаил Кукушкин Астанада өтіп жатқан президент кубогы үшін челленджер турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.

    Әлемнің 229-ракеткасы Кукушкин екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 639-орында тұрған жапониялық Рента Токудамен шеберлік байқасты.

    Отандық теннисші матчта 6:1, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 7 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдалана білді.

    Енді Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін ресейлік Евгений Карловскиймен кездеседі.

    Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко ширек финалға шыға алмады. Ол өзбекстандық Хумаюн Сұлтановқа жол берді. Ол есеп 7:6 (7:4), 0:6, 1:2 болған кезде матчты жалғастырудан бас тартты.

    Теннистен президент кубогы: Михаил Кукушкин ширек финалға шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.