jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Анна Данилина Гамбург турнирінің жартылай финалына жолдама алды

    Анна Данилина
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.

    Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ресейлік Александра Пановамен бірге ширек финалда аустриялықтар Мелани Клаффнер – Синья Крауспен шеберлік байқасты.

    Екі сетке жалғасқан матчта қазақстандық-ресейлік жұп 6:1, 6:3 есебімен қиындықсыз жеңіске жетті.

    Данилина мен Панованың жартылай финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

    Жекелей сында тағы бір қазақстандық, әлемнің 58-ракеткасы Юлия Путинцева ширек финалға шыға алмады.

    Ол дүниежүзілік рейтингте 106-орында тұрған германиялық Юле Нимайерден жеңіліс тапты. Есеп: 7:5, 3:6, 1:6.

    Анна Данилина Гамбург турнирінің жартылай финалына жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.