jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Александр Недовесов Хорватиядағы жарыстың ширек финалына шықты

    Недовесов
    Фото: Қазақстанның футбол федерациясы

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Хорватияның Умаг қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.

    Отандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бастапқы матчын жарыстың 4-ракеткалары, уругвайлық Ариэль Бехар – чехиялық Адам Павлашекпен өткізді.

    Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық жұп 6:3 есебімен басым түссе, екіншісінде А.Бехар – А.Павлашек есе қайырды (6:4).

    Супер тай-брейкте Недовесов – Эскобар айқын басымдылық танытты. Есеп: 10:3.

    Александр Недовесов пен Гонсало Эскобардың ширек финалдағы қарсыластары кейін анықталады.

    Александр Недовесов Хорватиядағы жарыстың ширек финалына шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.