jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Германиядағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды

    Анна Данилина
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Анна Данилина Гамбург (Германия) WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.

    Турнирдің 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші мен ресейлік Александра Панова финалда чехиялық Мириам Колодзиэева - америкалық Анжела Куликовамен бас жүлдені сарапқа салды.

    Бірінші партияда қазақстандық-ресейлік жұп 6:4 есебімен басым түсті.

    Екінші сетте де 3:1 есебімен алға кетті. Тағы бір брейк – 5:2. Содан кейін матчқа доп бергенде, мүлт кеткен жоқ – 6:2.

    Осылайша, Анна Данилина мен Александра Панова Гамбург WTA 250 турнирінің жеңімпазы атанды.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Германиядағы беделді турнирдің жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.