jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Германиядағы жарыста үздік шықты

    теннис
    Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Германияның Ульм қаласында 14 және 16 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe сериясы бойынша өткен Müller Junior Cup Ulm турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.

    14 жасқа дейінгілер арасында Еркежан Жаңатаева жекелей сында үздік шықты.

    Еркежан финалда германиялық Франческа Парцеллиді тізе бүктірді. Есеп. 4:6, 6:4, 6:2.

    Жұптық сында Ярослав Пшеничный мен Мансұр Сайынов қарсылас шақ келтірмеді. Ал Әдия Омарбек германиялық Гудит Пламен бірге финалист атанды.

    Сәтима Төреген 16 жасқа дейінгілер арасында жеңіс тұғырына көтерілді. Ол соңғы бәсекеде неміс Ида Вобкерді қапы қалдырды (6:3, 6:7 (4:7), 6:4).

    Ұлдар арасында Родион Лукашов - Олжас Есенәлі финалға дейін жетті.

    Қазақстандық жасөспірім теннисшілер Германиядағы жарыста үздік шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.