jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионаты аяқталды

    теннис
    Астана қаласындағы турнир. Фото: ҚТФ

    Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионатының жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды. Бұл туралы Қазақстанның теннис федерациясы хабарлайды.

    Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау және Орал қалаларынан 30-дан астам спортшы қатысып, бақ сынады.

    Қазақстан теннис федерациясы инклюзивтік даму департаментінің кураторы Сергей Селивановтың сөзіне қарағанда, екінші рет ұйымдастырылған ел чемпионаты жақсы өтті. Жеңімпаз-жүлдегерлер ескерткіш және ақшалай сыйлықтармен, диплом, медальдармен марапатталды.

    "Арбадағы теннис Қазақстанда қауырт дамып келеді. 2027 жылға қарай спортшыларымыз Параазия, ал 2028 жылы Паралимпиадалық ойындарға қатысады деп сенемін", - деді Селиванов.

    Біріншілік қорытындысы бойынша халықаралық турнирлерге қатысатын ұлттық құрама жасақталатын болады.

    Астанада арбадағы теннистен Қазақстан чемпионаты аяқталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.