jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирдің екінші айналымына шыға алмады

    Бейбіт Жұқаев
    Бейбіт Жұқаев кортта. Фото: Қазақстанның теннис федерациясы

    Қазақстандық Бейбіт Жұқаев Мексиканың Лос-Кабос қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыға алған жоқ. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Беделді турнирдің алғашқы айналымында отандық теннисші әлемнің 113-ракеткасы, Беларусь өкілі Илья Ивашкамен шеберлік байқасты.

    Үш сетке жалғасқан ойында 6:3, 3:6, 6:7 есебімен Бейбіт Жұқаев қарсыласына жол берді.

    Осылайша, қазақстандық теннисші Мексиканың Лос-Кабос қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыға алған жоқ.

    Айта кетейік, бұған дейін Бейбіт Жұқаевтың іріктеу сайыстарында сәтті өнер көрсетіп, Мексикадағы турнирдің финалдық кезеңіне жолдама алғанын жазған едік.

    Бейбіт Жұқаев Мексикадағы турнирдің екінші айналымына шыға алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.