jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Әділбек Мусин Қытайда өтіп жатқан жазғы универсиаданың қола жүлдегері атанды

    Универсиада ашылуы
    Қытайдағы универсиаданың ашылуы. Фото: VCG/VCG via Getty Images

    Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан ХХХІ Жазғы универсиадада Әділбек Мусин баттерфляй әдісімен 100 метрге суға жүзуден үшінші орын алды. Бұл туралы ҚазАқпарат агентігі хабарлады.

    Агенттік мәліметінше, қазақстандық спортшы аталған қашықтықты 2,03 секундта бағындырды. Бірінші және екінші орындар польшалық спортшыларға бұйырды.

    Спортшы іріктеу сатысында бұл қашықтықты 52,34 секундта жүзіп өтіп, финалға жолдама алған еді.

    Агенттік дерегінше, бұдан бұрын Әділбек Мусин Жапонияның Фукуока қаласында өткен су спорты түрлерінен әлем чемпионатында баттерфляй әдісімен 100 метрге жүзуден іріктеу сатысында 51,68 секундты еншілеп, Қазақстан рекордын жаңартты.

    Жазғы универсиадада қазірге дейін Қазақстан құрамасы 20 медаль еншілеп үлгерді. Оның ішінде 2-і алтын, 7-і күміс, 11-і қола.

    Әділбек Мусин Қытайда өтіп жатқан жазғы универсиаданың қола жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.